Абай әлемі- шет тілдерде

Абай әлемі- шет тілдерде

Абай әлемі- шет тілдерде.

10.10  күні лицейде ««Великий сын казахского народа» атты 3-6  сыныптар арасында орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі  К.М. Байкулова әдеби кеш өткізді. Мақсаты:.Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек  мәлімет  беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. Әдеби кеште ұлы ақынның өмір жолдары туралы видеофильм,презентациялар  көрсетілді. Абайдың кішкентай кезін 3А сынып оқушысы  өте әсерлі ролде сомдады.  Ұлы ақынның 175 жылғы мерейтойына арналған әдеби кеште оқушылар ақынның  өлеңдерін оқып, Абай қарасөздерімен рухтанып қайтты.

Ағылшын тілінде ойнаймыз....

10.10 күні лицейде үзіліс арасында  2-3-4  арасында «Who is faster?» танымдық ойыны ұйымдастырылды. Ойын бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру және  ойын арқылы ағылшын тілін меңгерулерін дамыту. «Кімде ұзақ сөз?» «Кім тапқыр?» «Адасқан сөздер»  пазыл құрастыру танымдық ойындары ойнатылды. Үзіліс уақыты оқушылар үшін мазмұнды, қызықты өтті. Іс шараны ұйымдастырушы ағылшын тілі пәні мұғалімі  жас маман Камит С.С.

Дата: 14.10.2019, 8:39 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі