Пәндік онкүндіктер - тәжірибе алмасу негізі
07.10 күнінен бастап лицейде «Абай и Пушкин –созвучие двух сердец...» тақырыбында шет тілдер онкүндігі жұмысын бастады. Аптаның алғашқы күні ұлы ақындар Абай, Пушкин еңбектерін дәріптейтін мазмұнды стенд жасалып, оқушыларға таныстыру жүргізілді.
09.10 күні орыс тілінен 7 А сыныбында «Четыре художника» ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Сардарбекова Г.Р. Сабақ барысында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері "Блум таксономиясының ойлау дағдыларына негізделген" тапсырмалар орындалды.
09.10 күні 8 Б сынып оқушыларының ұйымдастыруымен үзіліс кезінде «Ұлыбританияға саяхат» танымдық сағаты өткізілді. Нығытай А, Шакимурат Г, Рысқұл Б, Саденов Д, Болатова Ә, Жакупова Х ағылшын тілінде Ұлыбритания мемлекетінің әдемі қалалары жайлы қызықты мәліметтер берді.