Тамақтануды ұйымдастыру

     Тамақтануды ұйымдастыру

       Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен  айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді.

       Лицейде ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі.

       Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну  туралытізімдік құрамы бекітілді.Қазіргі таңда көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын 102 білім алушыға тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсынылған.Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

       Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын ғимарат жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі.

        Асханада пайдалануға жол берілмейтін, яғни тыйым салынған тағамдар қолданылмайды.

Дата: 27.09.2019, 8:01 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі