Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы
Жыл сайын дүниежүзінде 1 миллионнан астам адам жол-көлік апаты салдарынан жарық дүниемен қош айтысса, тағы миллионнан астамы түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алады. Оның ішінде, мәңгі мүгедек болып қалғандары да аз емес. Ал елімізде жыл сайын 3 мыңнан астам адам қаза тауып, тағы 17 мыңға жуығы жарақаттанады екен. Соның ішінде, жастар мен кәмелеттік жасқа жетпеген бүлдіршіндердің қаза табуы мен жарақат алуы әлі де азаяр емес. Осыған орай, 2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен қарашаның үшінші жексенбісі жол-көлік оқиғасының құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні болып бекітілді.
Лицейімізде қыркүйек айының аралығында бүкіләлемдік жол апатынан қаза болғандарды еске алу күніне орай және жол қозғалысындағы қауіпсіздікті сақтау мен жол апаттарының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – жолдарда қаза болған және жарақаттанудың жан түршігерлік ауқымына барлық жол қозғалысы қатысушыларының ықтимал қауіп-қатеріне назар аудару; өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып табылады.