«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің маусым айының 12-сі күнгі өткізілген іс-шара ақпары

 «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің маусым айының 12-сі күнгі өткізілген іс-шара ақпары

«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде  «Шаш- аламның көркі» атты  ұлдар арасында сайыс ұйымдастырылды. «Қыздың көркі – шаш» демекші, қос бұрым етіп арқасына өрілген сүмбіл шаш ару кез келген адамның назарын өзіне аударады. Күнделікті өмірде  шашты күтіп, оны тарап, әдемілеп жинаудың өзі – өнер. Ендеше, бүгінгі  сайысқа 7 ұл сынға түсті. Ұлдарымыз түрлі шаш үлгісін жасап көрсетті. Сайыстың шарықтау сәтінде қыздарымыз ортаға шығып,  жасалған шаштарының үлгісін жүріп көрсетті.  Әділқазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиындық туғызды, себебі  жасалған шаш үлгілерінің барлығы көздің жауын алардай әдемі болды!

Сонымен қатар, лагерьде «Сиқырлы қазан» атты  викториналық танымдық ойыны өткізілді. Бұл ойын балалар арасында пікірталас және шығармашылық шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды. Ойын 3 кезеңнен тұрды. Балалар  3 топқа  бөлініп, берліген тапсырмаларды орындады.  Жұмбақтар жасырылып, жұмбақтың шешуін үш тілде қазақша, орысша, ағылшын тілінде  айтты. Сондай-ақ,  берілген сөздерден бірнеше сөз, бірдей әріптерден сөйлемдер құрап әр түрлі тапсырмаларды орындады. Ойын соңында қызықты логикалық сұрақтар қойылды. Берілген жағдаяттардан шығу жолдарын тауып, өздерінің  шеберліктерін көрсетті.

Дата: 13.06.2019, 10:54 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі