«Балауса» лицей жанындағы жазғы лагерінде «Жалауды тап» атты өткізілген іс-шара ақпары

«Балауса» лицей жанындағы  жазғы лагерінде  «Жалауды тап» атты  өткізілген іс-шара ақпары

Маусым айның 06 күні қалалық саябақта спорт  жетекшісінің ұйымдастыруымен лагерь демалушыларына «Жалауды тап»ойыны  өткізілді.

Бұл ойын балалардың ізденімпаздық, шапшаңдық  қасиеттерін  дамыта отырып,  намысшылдыққа , жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Ойынды бастамас бұрын, ойынның  шартымен таныстырылды. Ойынның шарты : белгіленген жерге жасырып қойған жалауды табу болды.  Сонымен қатар, алдын ала дайындалған нұсқау картасы арқылы  балалар 4 топқа бөлініп, бір уақытта белгіленген нұсқаулық бойынша жалауды іздестірді.

Ең бірінші болып, жалауды тапқан топ «Бәйтерек» , екінші «Балдырған»,  үшінші «Жұлдыз», төртінші «Жас қыран»  болды. Соңында жеңіске жеткен топтар марапатталды.  Бүгінгі күндерін  лагерь демалушылары  көңілді және қызықты өткізді.

Дата: 12.06.2019, 11:54 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі