Размер шрифта:

Нан қалай реттеледі?

Нан қалай реттеледі?

Өткен жылдың басынан бастап ағымдағы жылғы ақпан айының соңына дейін Қазақстан, Орталық Азия, Иран өңірлерінде астық бағасының оң өсімі байқалып, сұраныс артты.

«Бұған әсер еткен факторлардың бірі өткен жылы Ресейде дәнді- дақылдар түсімділігінің алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%  төмендеуі болды. 3-сұрыпты  бидайдың бір тоннасы 75 мыңға дейін жетті. Бұл, әрине, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін оңды жағдай. Бағаның жоғары болуынан көптеген шаруалар кредиттерін жауып, көктемгі дала жұмыстарына қаржы бөле алды», - деді С.Омаров.

Сонымен бірге, соңғы екі аптада ішкі және экспорттық нарықтарда астық бағасының құлдырай бастағаны байқалады.

«Осының салдарынан 3 сұрыпты бидайдың бір тоннасы 65 мың теңгеге дейін түсіп кетті. Мұндай жағдайды Ресейде де байқауға болады.
Бұл астық қолхаттарымен жасалатын мәмілелердің 100% дерлік тіркелетін Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік тізіліміндегі сауда-саттық деректері бойынша да расталып отыр»,-  деді министр.

Қазіргі уақытта республикада ресми статистикаға және әкімдіктердің жедел деректеріне сәйкес, 10,5 млн. тоннаға жуық астық бар, оның ішінде лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорындарында 3,7 млн. тонна, ұн тарту кәсіпорындарда 462 мың тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 6,3 млн. тонна астық сақталуда.

«Көрсетілген деректер Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік тізілімі порталындағы есептіліктермен расталады, онда онлайн режимінде астық қолхаттарын шығару құқығына ие, лицензиясы бар барлық астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысын бақылап отыруға болады.
Мәлімет ретінде айтсам, порталда астықпен операциялар жасауға тікелей қатысы бар 4 мыңнан астам пайдаланушы жұмыс істейді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Өңірлерде астық бар, мысалы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы қолда бар астық көлемі облыстардың халқын 2 жыл нанмен қамтамасыз етуге жетеді. Алматы облысында бір жарым жылға жететін астық бар.

«Деректер бойынша қолда бар астық көлемі жоспардағы экспорттық көрсеткіштерді және елдің ішкі  сұранысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті.Бидай мысалға ала отырып, есептеме жасап көрелік.Қазіргі сәтте 8,3 млн. тонна бидай бар. Оның 690 мың тоннасы азық-түліктік қажеттілікке, 1,6 млн. тоннасы тұқымдық мақсатқа, 730 мың тоннасы жемдік астыққа, 128 мың тоннасы өнеркәсіптік өңдеуге жұмсалатын болады.Ағымдағы маркетингтік жылдың соңына дейін экспортқа 2,2 млн. тонна астық жөнелтуді жоспарлап отырмыз, осы сәтке дейін 6,7 млн. тонна жөнелтілді», - деді министр.

Нәтижесінде, қолымызда келесі жылға ауысатын қалдық ретінде 2,9 млн. тонна қалады.

«Мысалы, ғылыми негізделген бір адамның нан тұтыну нормасына сәйкес Қазақстанның бүкіл халқы үшін айына 95 мың тонна шамасында астық қажет. Енді нан бағасына келер болсақ, мониторинг пен реттеу жүргізілетін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесіне нанның барлық түрлері емес, тек бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны немесе бізше айтқанда, «әлеуметтік нан» ғана кіретінін атап өту керек», - деді ол.

Министр  «Әлеуметтік нанның»  бағасы  тұрақты, ауытқулар болса да, мән берерліктей емес екенін жеткізді.

«2015 жылы Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен нан бағасын реттеуден бас тарту мәселесі қолдау тапқанын еске сала кеткім келеді.2016 жылдың бағасымен салыстырғанда, 2019 жылы әлеуметтік нан бағасының 6 теңгеге өсті.
Иә, астықтың бағасы өсуде, алайда ескеретін жағдай, астық үлесі нанның өзіндік құнының 50 пайызын ғана қамтиды, ал қалған бөлігін жанар-жағармай, жалақы, электр энергиясы, әкімшілік және басқа да шығындар құрайды», - деді С.Омаров.

Сонымен қатар, өңірлердегі әкімдіктер тұрғындарға арналған әлеуметтік маңызы бар тауарларға деген бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауда.

«Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тетігі белсенді қолданылып келеді. Қазіргі уақытта 3,1 млрд. көлемінде қаржы бар, бұл қаражатты әкімдіктер нан бағасын тұрақтандыруға да бағыттай алады», - деді С.Омаров.

Аягөз Құрмаш 


Все права защищены.

При использовании материалов strategy2050.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт strategy2050.kz обязательна.

При использовании материалов strategy2050.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.strategy2050.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта strategy2050.kz «www.strategy2050.kz».

Дата: 8.04.2019, 16:22 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая