Размер шрифта:

Ақмола облысы: Мектеп пен колледждердегі музейлерде 32 мыңнан астам жәдігер бар

Ақмола облысы: Мектеп пен колледждердегі музейлерде 32 мыңнан астам жәдігер бар

Басқарманың бас маманы мектеп музейлерін дамыту бойынша өңірлік инновациялық алаңның жұмысы туралы айтып берді. «Мектеп музейлерін дамыту бойынша өңірлік инновациялық жоба өңірдегі барлық білім беру ұйымдарындағы музей кеңістігін дамытуға бағытталған. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеп, азаматтық сана мен жоғары адамгершілік қассиеті қалыптастыруда музей білім-тәрбиеде үлкен әлеуетке ие», дейді Марина Ли. Оның айтуынша, жоба арқылы мектептердегі білім кеңістігінде музей қозғалысын дамытуға, оқушылардың зерттеушілік жұмыстарға бейімділігін арттыруға, балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін қолдауға, қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға, өткен ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын құрметтеуге жағдай жасау көзделген. «Музей көп еңбекті қажет етеді. Оны ашу үшін өлкетану және археологиялық салада жұмыс істеуің қажет. Оқушылардың көпшілігі іздестіру-жинақтау жұмыстарына, археологиялық экспедиция және ғылыми-зерттеу өлкетану жобаларына қатысады. Осының арқасында мектептегі музейлер саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2017 жылы Ақмола облысындағы мектептер мен колледждерде барлығы 194 музей болса, 2018 жылы - 215, қазір оның саны 237 музейге жетті. Ал, олардың барлығында 32 мыңнан астам жәдігер бар», дейді Марина Ли. Айта кетейік, Ақмола облысының Ақкөл, Жарқайың және Жақсы аудандарында мектептердің барлығында 100 пайыз музей бар. Оның ішінде Жақсы ауданындағы 3 музейді цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, биылғы жылы облыстағы барлық музейлердің төлқұжаттары жасалынатын болады.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysy-mektep-pen-kolledzhderdegi-muzeylerde-32-mynnan-astam-zhadiger-bar_a3497105

Дата: 8.04.2019, 16:10 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі