«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компанияның іс-шараларының алғашқы қадамы
2019 жылдың 4 сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім, ішкі саясат басқармалары, ішкі істер департаменттері, үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша), ата-аналар қоғамдастығы ассоцациясы (келісім бойынша) бұқаралық ақпараттық құралдарының ұйымдастыруымен лицейімізде «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компанияның іс-шараларының алғашқы қадамы жүзеге асырылуда. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: кәмелетке толмағандардың педагог пен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату. Лицейіміздің информатика пәні мұғалімі Л.К.Байжуманова ата-аналар мен оқушылар үшін "Қауіпсіз интернет" атты тақырыптық стендіні ресімдеп, осы іс-шараның ашылуына байланысты балаларға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық жадынама парақшаларын таратты.