«Әзиз ана - Әмина Өмірзақова» атты танымдық сағат

«Әзиз ана - Әмина Өмірзақова» атты танымдық сағат

Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Қазақ халқының кино және өнер саласындағы майталман азаматтарын білуге, құрмет тұтуға, қазақ өнеріне құрметпен қарауға баулу мақсатында «Әзиз ана – Әмина Өмірзақова» атты танымдық сағат кітапханашының ұйымдастыруымен өткізілді. Көптеген кинофильмдер мен театр қойылымдарындағы талғампаз бейнелері арқылы, Халық қалаулысына, Ел ардағына айналған, Ұлттық өнерімізде есімі ел есінде жатталған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты -  Әмина  Өмірзақованың дүниеге келгеніне биыл 8 наурызда 100 жыл толады.           Танымдық сағат аясында қазақ кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды артист жайлы бейнебаян көрсетіліп, театр өнерінің шыңын бағындырған тума талантӘмина апамыз туралы кітаптардан көрме қойылып, тың мәліметтер ұсынылды. Танымдық сағат соңында өнерге қатысты мақалдардың сыңарын тез табуда оқушылар өз білімдерін көрсетті.

                                                                                  Х.Булганбай, кітапханашы.

Дата: 6.03.2019, 11:01 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі