Спорт әлеміндегі – үздік

Спорт әлеміндегі – үздік

Спорт әлеміндегі – үздік

25.02.2019 ж. күні «Зиялы бейсенбі» жобасы аясында «Спорт әлеміндегі үздік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Елбасымыздың салауатты өмір салтын жүзеге асырудағы жолдауларын негізге ала отырып, оқушыларға спортты сүюге тәрбиелеу, қызығушылығын арттыру.

«Зиялы бейсенбі» қонақтары - бокстан Қазақстан республикасының 2 дүркін чемпионы, 9 В сынып оқушысы  Ермек Ерасыл Ерденұлы жәнеқаламыздың құрметті азаматы, боксжаттықтырушы, спорт саласында талай жетістікке жеткен жерелесіміз Маканалин Амангелді Исламович.

«Зиялы бейсенбінің» кіріспе сөзі директордың БІЖО Шармуханбетова Ж.А. берілді. Жазира Арғынқызы лицейде әр бейсенбі сайын әр түрлі өзекті тақырыптарда, жаңалықтарда «Зиялы бейсенбі» өтіп тұратынын, оқушыларға қандай тәрбиелі мәні бар екеніне баса назар аударды.

Лицейдің спортқа бейім оқушылары Ермек Ерасылдың алған барлық марапаттарын айтып шықты. Әрі қарай Ермек Ерасыл мен оның жаттықтырушы Маканалин А.И. және Ерасылдың анасымен әр түрлі сұрақтарда пікір алмасу өтті.

         Соңынан «Зиялы бейсенбі» қонағынан Қолтаңба кітабына өз лебіздерін қалдыру сұралды және қатысушылармен естелік суретке түсті.

Дата: 1.03.2019, 8:54 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі