«Ауған алауы жадымызда» атты Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар
Бүгінгі таңда өмірін оқ пен оттың арасында өткізген Ауған соғысы ардагерлері жайлы ақпараттардың тың мәліметтерімен жастарымызды таныстыру, жан-жақты ақпарат бере отырып, Ауған соғысының тарихын жадыларында жаңғырту мақсатында лицей қабырғасында 9 ақпан мен 15 ақпан аралығында «Ауған алауы жадымызда» атты бірнеше іс-шаралар өткізілді. Лицей фойесінде «Ауған соғысы – тарихтың қасиетті парағы» атты ақпараттық стенд безендіріліп, кітапханада «Ер есімі - ел есінде» кітаптар көрмесі қойылды. Лицейіміздің ақпараттық бұрышында «Ауғанстанақиқаты» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. «Ауған алауы жадымызда» атты салтанатты саптық жиын жоғары деңгейде жүргізіліп, жауынгер-интернационалист ағаларымыздың қатысуымен ашық сынып сағаттары өткізілді.Сонымен қатар, «Батырлар Ауған тылында» қылқалам шеберлерінің байқауы 1-4 сыныптар арасында ұйымдастырылып, суреттер көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.
«Ауған асуында от кешкендер» әскери - спорттық жарысы 9-10 сыныптар арасында жауынгер-интернационалист ағаларымыздың қатысуымен сапалы, танымдық ақпараттармен байланыстыра отырып, Сатиев М.А., Жалелов Е.Б., Еркінова Ж., Молдажанова Т., Сакенова А.Н. мұғалімдердің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
«Қайсарлық - бізге лайық» спорттық жарысы 5-6 сыныптар арасында жоспарға сай өткізілді. Лицейішілік іс-шаралардан тыс өткен қалалық әскери-патриоттық форумға, қалалық үгіт-насихат байқауына қатысып, оқушыларымыз Ауған соғысы туралы тың деректермен танысып, білімдерін шыңдап қайтты. Осы өткізілген шаралардың оқушыларымызға берері орасан, пайдасы көп болды деген сенімдеміз.