Размер шрифта:

Ұлы даланың рухты ұрпақтары

Ұлы даланың рухты ұрпақтары

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы жеті түрлі тақырып аясында білімдерін, даталарды зерделей отырып, тарихи танымын арттыру, оқушылардың ой-өрісін, ұшқырлығы мен тапқырлығын дамытуға ықпал ету. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында «Ұлы даланың рухты ұрпақтары» тақырыбында 4 сыныптар арасында зияткерлік сайыс өткізілді. Сайысқа 4 топ, яғни «4 А сыныбы  «Ұлы дала қырандары», 4 Ә сыныбы  «Асыл тас», 4  Б сыныбы  «Қызғалдақ», 4 В сыныбы  «Күншуақ » қатысты. 4 кезең бойынша жан-жақты білімдерін көрсете білген  4 Ә сыныбы  «Асыл тас» тобы бас жүлдені иеленді.

          Қазақстан күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» екені анық. «Төл тарихын біліп, бағалайтын және мақтанатын ұрпақ қалыптасса» деген Елбасының ізгі ойы біздерге де үлкен ой салады. Ұлылардың ұрпағы екенімізді ісімізбен де, сөзімізбен де әрқашан дәлелдеп жүрейік!

                                                                   Орындаған: Х.Булганбай, кітапханашы.

5.02.2019ж.

Дата: 5.02.2019, 16:40 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі