«Еңбекпен өрілген өмір» атты кездесу сыр- сұхбат

«Еңбекпен өрілген өмір» атты кездесу сыр- сұхбат

2019 жылдың қаңтар айының 31-і күні лицейіміздің мұражайында 6В, 10 сынып оқушыларымен қаламыздың құрметті азаматы Қаукербек Совет Қаукербекұлымен кездесу сыр-сұхбат кеші өтті. Кездесу сыр- сұхбатын  6В сыныбының өнерлі қыздары «Туған өлкем» әнімен бастады. Кездесу кешімізде Совет Қаукербекұлы оқушыларға өзінің өмірі, еңбек жолы, өзімен бірге алып келген авторлық кітаптырын таныстырды.  Кездесу барысында оқушылар Совет Қаукербекұлына сұрақтар қойып, қызықты мәліметтер алды. Кездесу соңында Совет Қаукербекұлы оқушыларға жылы лебізін білдіріп, өзінің қолтаңбасы қойылған авторлық кітаптарын оқушыларға сыйлады. Кездесу кеші өте қызықты, әсерлі өтті.

Дата: 4.02.2019, 17:06 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі