Сабақты зерттеу- кәсіби дамудың жарқын жолы. НЗМ іс тәжірибесі.
24.01 күндері лицейде НЗМ-нің іс тәжірибесіне негізделген «LESSON STUDY» зерттеу тобына кіретін 1 Б сыныбындағы ағылшын тілі, орыс тілі, музыка пәні мұғалімдерімен кезекті отырыс өтті. Шығармашылық топтағы мұғалімдер 1 Б сыныбындағы А,В,С деңгейдегі таңдап алған оқушыларды және сыныпты бақылаудағы өзгерісті анықтаулары туралы жүргізген сараптамаларын ортаға салды.«Lesson Study» сабақты зерттеу шығармашылық тобының жетекшісі Жортарова Н.Н жүргізілетін жұмыстардың кезеңдерімен таныстырды.
Дата: 28.01.2019, 11:47 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі