«Қоқысқа жол жоқ!»

«Қоқысқа жол жоқ!»

Қазақтың жері дархан, киелі, қасиетті. Оны көздің қарашығындай қадірлеу - бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты. Қай уақытта да ғұмыр кешіп отырған ортамызды таза ұстау, Жер-Ананың жүрегін жараламау - бізге міндет.  Соған орай, оқушыларды  қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу, оны жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдай білуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімділікті, экологиялық тұрғыдан рухани-адамгершілік және эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында «ЭкоLife» экологиялық жоба лицейімізде қолға алынды. Экожобаның бастамасы ретінде 21 қаңтар күні салтанатты жиын өткізілді. Соған орай лицейімізде 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығы «Қоқысқа жол жоқ!» атты айлық жүргізілуде. 26 қаңтар күні лицейіміздің ақпараттық бұрышында қоқыстың зияны туралы бейнебаян көрсетіліп,   5-6 сынып, 7-8 сыныптарға «Тұрмыстық қалдық заттарды қайта өңдеу» туралы ақпарат берілді.Қоқыстың экологияға зияны, тұрмыстық қалдықтардың қайта өңделуі жайлы ақпарат айтылып, пластмассалық заттардың зияны туралы бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар, қайта өңделетін заттарды тиімді әрі ұтымды пайдалану жолдары туралы мәліметтер берілді. Бастауыш сынып оқушылары салған «Экология – қылқалам ұшында» атты суреттерден көрме ұйымдастырылды.

Дата: 28.01.2019, 12:19 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі