«Кітап – сарқылмас қазына» атты Bookdating» - кітапқұмарлар алаңы

«Кітап – сарқылмас қазына» атты  Bookdating» - кітапқұмарлар алаңы

Тұлға ретінде дамуымызға, біздің ойлау қабілетімізді жақсы қалыптастыратын бірден-бір зат - кітап.  Кітап бізді «Ақыл мәдениетіне» үйретеді, тереңірек ойлауды, есте сақтау қабілетімізді жақсартады, зейінімізді, ойымызды жаттықтырады.  Осыған байланысты ұмыт болған кітапқұмарлар клубтарын қайта жаппай жаңғырту жобалары іске асырылып, бүкіл ел бойынша заманауи жаңа форматы "Bookdating" деп аталып, өз жұмысын бастаған еді. Біздің лицейімізде шараға ат салысу барысында біраз шаралар жоспарға алынып, жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бастамасы ретінде 10-11 сыныптар арасында «Кітап – сарқылмас қазына» атты «Bookdating» - кітапқұмарлар алаңы тақырыбында іс-шара өтті.  

Дата: 28.01.2019, 10:47 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі