«Миллион кімге бұйырады?» атты интеллектуалды ойыны
23.11.күні лицейде оқушылардың сабақтан тыс уақытта да білімдерін жетілдіріп, оқуға деген қызығушылықтарын арыттыру мақсатында жоспарланған 10А-11А сыныптар арасында «Миллион кімге бұйырады?» атты интеллектуалды ойыны өтті. Білім сайысына Тоқтасынұлы А. Құрманбеков Ә. Марат И. Серікбол Е. Бекенов А. қатысып білімінің әр бағытынан танымдық қабылеттірінің жоғары екендігін көрсетті. Озық ойымен, зеректігімен , дарынды қабылетімен ойынның жеңімпазы 11А сынып оқушысы үздік аттестатқа үміткер Бекенов А. жеңіске жетті. Интеллектуалды ойынды жүргізіп, компьютерлік сауаттылығын жоғары деңгейде байқатқан Бағдаулет Ә мен Соватова Э алғыс жарияланды. Сыныптан тыс іс шара білімді оқушылардың миллионер атануына ықпал етіп қана қоймайды, көрерменнің ой-өрісін дамытуға ықпал етеді. Іс шараны ұйымдастырған ұстаздар Пиримбетова Н.Қ ,Сардарбекова Г.Р.