«Жан жылуы» қамқоршылар күніне арналған іс-шара өтті
2010 жылдан бастап қазан айының соңғы жексенбісі «Қамқоршы күні» мерекесін өткізу Қазақстан тарихында алғашқы қайырымдылық шара болып табылады. Бұл іс-шараның басты мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау жұмыстарын жүргізу. Бүгінде біздің лицейімізде қамқоршылардың тәрбиесіне берілген төрт балаға арналған іс- шара «шаттық шеңберімен» басталды. Оқушылар үш топқа бөлініп, «бақыт неден басталады» деген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды, адамның жан дүниесі неге ұқсайтынын талқылады, мейірімді отбасына сипаттама берді.
Лицей педагог-психологы А.А.Толетаева қамқоршы мен баланың арасындағы жылулық сезімін ұлғайту, қамқорлықтағы оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында тренингтер өткізді. Балалар «Жан жылуы» атты рефлексия жасағанда осы іс- шарадан алған әсерлерімен бөлісті.Шара барысында лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С.Имухаметова жетім балаларға қамқоршы болып жүрген ата-аналарды мерекелерімен құттықтап, жауапты істі қолға алған оларға алғыс айтып, мықты денсаулық тілеп, марапаттады.
Қамқоршы Шанайхан Тамара өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Қамқоршы күні жылулық пен ынтымақтастық жағдайында өтті.
«Абай атындағы №2 лицей» КММ-інің
әлеуметтік педагогы С.А.Ожанова