«Ақпарат айдыны»

«Ақпарат айдыны»

Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, атаулы даталарды зерделей отырып, тарихи танымын арттыру, оқушылардың ой-өрісін, ұшқырлығы мен тапқырлығын дамытуға ықпал ету. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында «Ақпарат айдыны» тақырыбында 8 сыныптар арасындағы зияткерлік сайыс өтті. Бұл сайыс «Оқуға міндетті 100 кітап» жобасы аясында өткізілді. «Фотокөз» көзбен «фотоға» түсіру арқылы сөздерді оқып, керекті сөзге жауап беру арқылы сайысқа қатысушыларымыздың білімдері сараланды. Өз білімдерімен, жылдамдықтарымен дараланған 8 Б сыныбы «The Best» тобы І-орын, 8 Ә сыныбы «Болашақ» тобы ІІ-орын, 8 А сыныбы «Жас ұлан» тобы ІІІ-орынға ие болды. Орындаған: Х.Булганбай, кітапханашы.

Дата: 24.11.2018, 10:04 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі