31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын аза тұту» күніне арналған танымдық кештің өтілуіне байланысты ақпар
Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейде мамыр айының 30-шы жұлдызында «Ашаршылық пен қуғын-сүргін тарихтың жан ауыртар ақиқаты» атты танымдық кеш өтті.
Мақсаты:Оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. - Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау.
- Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының ұлт- зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.
Кеш барысында Лицей директоры Рахимберлина Қ.Т сөз алып, 1 мин үнсіздік жариялады.
Тарих пәні мұғалімі Касенова Алмара Бизаққызы - ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін- мындаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына айналған тарихымыздағы ұлы азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау жайлы баяндама оқыды. Сонымен қатар лицейіміздің оқушылары да , атап айтсақ 10А сынып оқушысы Аманболды Алтын және 8А сынып оқушысы Қайыржан Диас кітап беттерінен үзінді оқып, оқушыларға қазақ мәдениеті мен ғылымына ағарту саласына еңбегі сіңген зиялы өкілдері:Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов,Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев сынды қуғын-сүргін құрбандары туралы бейнефильм көрсетілді.
Кешіміздің қонағы лицейіміздің ардагер ұстазы, тарих пәні мұғалімі:Әйкеш Гүлнар Мұсылманбекқызы оқушыларға өзінің жинақтаған кітаптарымен, баспасөз материалдарымен бөлісе отырып, Қазақстанда қуғын-сүргін жылдарында 103 мың адам саяси қудалауға ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген, қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылғандығын айтып берді.Сонымен қатар , өлкеміздің көше атауларына байланысты мәлімет берді.Өлкеміздің зұлмат жылдарына байланысты көз көргендердің деректерінен үзінді келтіре отырып, келешек ұрпақтың есінде мәңгі қалатындай етіп, оқушыларға көп мағлұмат берілді.