«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын ақпары
Мамыр айының 25-і күні бітіруші түлектерге арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты мерекесі өтті. Мереке жас түлектер мен қонақтардың Абай ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Абай ескерткішіне гүл қою құрметі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Беркенов Е.Н, Білім бөлімінің бас маманы Айтжанова Б.С лицей директоры Қ.Т.Рахимберлина , берілді.
Лицей директоры Рахимберлина Қарлығаш Тишбекқызы 11 сынып түлектеріне өзінің тілегін айтып, құттықтап өтті. Салтанатты жиында «Өркен» үгіт-насихат тобы «Мәңгілік Ел» «Рухани жаңғыру, Астананың -20 жылдығы» ел болашағы үшін жасалып жатқан жаңарулар туралы насихаттады. Сонымен бірге «Ардақты ұстазым» әні орындалды.
Салтанатты жиынның II бөлімінде 1 сынып бүлдіршіндері бітіруші түлектерге арнап жыр шумақтарын оқып, сыйлықтарын табыс етті. Лицейдің вокал тобы «Мәңгілік Ел» әнін шырқап, «Түлектер» вальс биледі. 11 сынып түлектеріне ата-аналар атынан тілек сөз Қалықбеков Аман ата өзінің құттықтау тілегін айтты.
Жиынның III бөлімінде лицейіміздің «Жыл оқушысы» номинациясының және «Алтын бала – 2018» медалінің иегері, «Алтын белгіге» үміткер, қалалық, облыстық пән олимпиадасының, ғылыми жобалар жеңімпаздары кейінгі ізбасарларына білімнің «Алтын кілтін» табыстады.
Жиынның IV бөлімінде түлектердің мектеппен, ұстаздармен қоштасу рәсімі өткізілді. Түлектер ұзтаздарға арнап жыр шумақтарын орындады. 11 сынып оқушылары мектеп өмірінен көрініс көрсетті. Сондай-ақ, «Қош бол, менің мектебім!» әні орындалып, ұстаздарға гүлдер ұсынылды,
Соңғы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушылары Берменбетов Ерслан, Байсова Сара, 1 сынып оқушылары Ихсанова Еркежан, Төлеутай Нұрбекке берілді. Салтанатты жиын соңында түлектермен бірге ескерткіш фотоға түсті. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын осылайша жақсы деңгейде өтті.