«Көшбасшылар лигасы»
11 мамыр Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен 5 сынып оқушылары арасында «Көшбасшылар лигасы» интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыста қала мектептерінен №2 лицей, №15 мектеп-лицейі және №16 орта мектебі өзара бақ сынасты. Сайыстың негізгі мақсаты: білімді, алғыр оқушыларды қолдап, оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру, білімді насихаттау. Білім додасының қорытындысы бойынша, лицейіміздің «Қыран» тобы жүлделі ІІ орынды еншіледі.
Дата: 11.05.2018, 17:30 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі