«Шынайы өмір – виртуалды әлемнен жақсы» біркүндік акция аясында
ХХІ ғасыр ғылыми-техниканың, ақпараттың қарқындап дамыған уақыты. Жастарымыз ұялы телефонға, ғаламторды пайдалануда бірте-бірте тәуелділікке салынып барады. Пайдасынан зияны көп ғаламтордың жетегінде кетпеуіне тосқауыл болатын бірден-бір тиімді әдіс ол оқушыларымызды кітап оқуға тарту, қызықтыру.«Шынайы өмір – виртуалды әлемнен жақсы» атауымен «Интернет орнына кітап» біркүндік акция аясында лицейімізде шаралар жоспарланып, жұмыстар жүргізілді.
Тұлға ретінде дамуымызға, біздің ойлау қабілетімізді жақсы қалыптастыратын бірден-бір зат - кітап. Кітап бізді «Ақыл мәдениетіне» үйретеді, тереңірек ойлауды, есте сақтау қабілетімізді жақсартады, зейінімізді, ойымызды жаттықтырады. Бүкіл ел бойынша кітап оқитын азаматтарымыздың алаңын заманауи жаңа форматта "Bookdating" деп атайды. Аталмыш акция аясында 3 мамыр күні кітап оқитын оқушыларымызбен осы форматта кездесу өтті. Кітап оқитын оқушыларымыз қазіргі таңда оқып жатқан кітаптарымен бөлісіп, кітаптың пайдасы мен маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, интернет орнына кітап оқудың тиімді екенін, денсаулыққа да орасан зор пайдасы барына көздерін жеткізді.