Әдістемелік жұмыс педагогикалық іс әрекеттің инновациялық бағытын қалыптастырады.

Әдістемелік  жұмыс   педагогикалық  іс әрекеттің инновациялық бағытын қалыптастырады.

27-28.04 күндері лицейде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін шыңдау, жаңартылған білім мазмұнындағы жаңа өзгерістерді  тәжірибеде қолданысты жетілдіру  мақсатында  оқыту семинарлары мен шебер сынып  өткізілді. «Жаңартылған білім мазмұнын тиімді меңгертудегі белсенді оқу әдістері» тақырыбындағы  шебер сыныпты  лицей тренері Аралбай Т.А. ұйымдастырды. Шебер сыныпта мұғалімдерге сабақ барысында қолданатын инновациялық тиіміді әдістерді  түсіндіре отырып, тәжірибе барысындағы қолданысты көрсетті. «Қалыптастырушы бағалауды жүргізудің тиімді әдістері» тақырыбын  бастауыш сынып мұғалімі Қуанышбекова Ж.Қ. кеңінен аша отырып, жаңартылған білім мазмұнындағы күнделікті сабақ үрдісінде қалыптастырушы бағалауды түрлендіріп қолдануға болатынына  бағыт берді.  Мұғалімдердің әдістемелік білімін тереңдететін жұмыстар  білімнің сапалы берілуіне ықпалы зор.

Дата: 2.05.2018, 9:02 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі