"Қауіпсіз INTERNET" мақаласы
Заман талабына cай ХХІ ғасырда ғаламторды пайдаланбайтын жастарымыз жоқтың қасы. Жастарымыздың қолынан кітап емес, ұялы телефон түспейді. Ата-ана тарапынан жиі қадағаланады деп сенімді түрде айта алмаймыз. Ғаламтордың шырмауына ілініп, тұңғиығынан шыға алмай өз өмірлеріне, денсаулығына зиянын келтіріп жатқандарын біле тұра қолданады. Әр нәрсені пайдалануда өзіндік заңдылықтары мен шегі болатынын оқушыларымызға түсіндіріп, ара-жігін ажыратып беруде лицейімізде көптеген шаралар жоспарланып, жұмыстар жүргізіліп тұрады.Ақпаратты саралап, тиімді қолдана білу, сонымен қатар ғаламторды дұрыс пайдалану, пайдасы мен зияны жайлы жан-жақты талдап, оқушыларымызға түсіндіру мақсатында оқушыларымызға кітапханашының ұйымдастыруымен «Ғаламтор және біз» атты ақпараттық сағат өткізілді. Еліміздегі ғаламтор пайдаланушыларының статистикалық мәліметтерінен бейнебаян көрсетіліп, оқушылардан алынған сауалнаманы саралай отырып, компьютерлік сауаттылықтарын білу мақсатында сөзжұмбақ шешу, ұялы телефонды қалай дұрыс қолдану керектігі жайлы пайдалы ақпараттар, «Time management» сияқты түсініктерден мәліметберілді. Ақпараттық сағат аясында Ғаламтор, әлеуметтік желілер туралы оқушыларымыз өз ойларымен бөлісіп, ғаламторды тек тиімді әрі ұтымды қолдана білу керек екенін ортаға салды.
Әлеуметтік желілердің адамға қандай зияны бар?
Facebook ресми веб парақшасы әлеуметтік желілерді шектен тыс пайдалану денсаулыққа зиян деп жарияланды. Мамандар Facebook сияқты әлеуметтік желіде күн-түн демей онлайнда отыратындардың шынайы өмірдегі адамдармен қарым-қатынас деңгейі төмендейді деп дабыл қағып отыр.
Әлеуметтанушылар мен психологтар “Facebook сияқты әлеуметтік желілер тез әрі оңай қарым-қатынас жасау жолы ретінде көрінеді де, көз алдағы ақпараттар толқыны сізді жұтып кете береді. Бірақ, ол сіздің өміріңіз емес. Ол сіздің уақытыңызды өлтірумен қатар, шынайы өмірдегі достарыңызбен ара қатынасыңызды алшақтатады әрі шынайы өміріңіздегі нақты барыс-келістерге немқұрайлылықпен қарай бастайтын боласыз” деп отыр. Қоғамды алаңдататын жәйт!
Сонымен қатар, білім ошақтарында ғаламтордағы түрлі желі ойындары мен еліктіретін заттардан, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан жасөспірімдерімізді қорғау мақсатында өтетін шаралар жиі өткізілсе деген тілегім бар.
«Абай атындағы №2 лицей» КММ-нің кітапханашысы
Х.Булганбай