Размер шрифта:

Интернет ресурстарда балаларға психологиялық көмек көрсету

Интернет ресурстарда балаларға психологиялық көмек көрсету

Абай болыңдар! Интернет желісіндегі қауіпті ойындар

1. Интернет желісіндегі  «Синий кит», «Тихий дом», «Красная сова», «Horrorstory»;«Oh, yes»; «Душа под маской», «Задыхаюсь», т.б. топтырдың балаға әсері;

2. Интернеттегі қауіптен қорғалудың жолдары;

3. «Жүгір немесе өл» немесе «Беги или умри» деп аталатын өлім құштырар ойын жайында  мағлұмат

 

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттыңқас жауы»

Қазірга жастар компьютерлік сауатты, интернет желісін жетік меңгерген. Бірақ сол білімдерін көп жастар қоғамға пайдалы іске арнап жатқан жоқ.

"Соңғы кездері әлеуметтік желілерде агрессиялық мінез-құлықты, жамандықты  насихаттайтын, депрессияға, өлімге шақыратын "Синий кит", "Тихий дом", «Красная сова», «Horrorstory»; «Oh, yes»; «Душа под маской», «Задыхаюсь», т.б.топтары тарап жатыр. 

Кейбір топтар жастарды ойынға шақырады. Ойынға кірген балалар тапсырмалар орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Сонымен қатар, ойын модераторлары ойыншы туралы мәліметтерді біліп отырады. Осы әрекет бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 6-бөлігінде көрсетілген "Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу" қылмыстарына баруда.  Басында бұл ойынды ойлап тапқан Ресейлік жасөспірім Филипп болатын. Қазір ол психологиялық ауруларды емдейтін орталықта емделуде.

 Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін үрейлене ескертеді. ВКонтакте желісінде "Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.

Ойынның барысы - жас өспірімдер #явигре #синийкит #тиxийдом# разбудименя 420 сияқты xештегтермен фото салады да, сонымен оған кураторлар xабарласады. Осылай 50 тапсырманы жас өспірім орындап бастайды. Соңғы тапсырма асылып өлесің бе, әлде секіріп өлесің бе деген сұрақ болады. Бұндай сұрақты қоймас бұрын жас қатысушыға бір сілтеме жібереді. Сол сілтемеге кіргенде, қатысушының IP адресі сақталып қалып, адресі және т.б. интернет орнатылған жердің мәліметтері шығады. Сен жайлы барлық мәліметтерді білеміз деп баланы қорқытып, егер сен тапсырманы орындамасаң, туыстарыңды өлтіреміз немесе өзіңді әрдайым аңдып жүреміз дейді. Бұндай қорқытудан соң, бала амал жоқ тапсырманы орындап, өз-өзіне қол жұмсайды. Баланың псиxикасында осы жолмен ата-анама, жақындарыма көмектесемін деген «ізгі ой» пайда болады.

Неге «көк кит»? Естуімше, көк кит - өзінне қол жұмсаушылардың символы екен. Себебі көк киттер көбіне теңіздің жағаларына шығып қалып, өздерін өлтіріп алады дейді.

Ойынның мақсаты нақты белгісіз. Біреулер сатанистер шығарған десе, енді біреулер псиxикалық ауытқуы бар біреулер ойлап тауып, сонымен кең таралған деген пікірде. Алдымен Ресейде, қазір Қазақстан мен Қырғызстанда таралып жатыр екен.

Сонымен қатар, Желі қолданушыларының бірі тәжірибе жүргізіп ойынға қатысып көрген. Өз зерттеуінің қорытындысымен ол басқа да қолданушылармен бөлісті. "Маған осы ойынның қалай жүретіні қызық болды, неге 50 күн өткеннен кейін балалар өздеріне қол жұмсайды? Сонымен досымыз екеуіміз ВКонтакте желісінде екі жалған аккаунт аштық, маған және досыма бір-бір адамнан хабарласты. Екі түрлі адам шығып, күнде тапсырмалар бере бастады. Бірінші тапсырма қолға көк киттің суретін салу болды. Құдайға шүкір фотошоп барлығын істеп берді. Күн сайын жаңа тапсырмалар беріле бастады. Соңғы 50-ші күні таңдау жасауым керек болды: "Асылып өлу" немесе "секіріп өлу". Ойынның соңы өлім. Сол кезде мен қорқатынымды айттым, маған бір сілтеме келді. Сілтемені басқанымда "404 бет табылған жоқ" деген жазу шықты. Осыдан кейін 10 минут уақыт өткенде ол маған былай деп жазып жіберді: "Егер өз-өзіңе қол салмасаң, мен сенің ата-анаңды өлтіремін", - деп менің мекен-жайымды, қай пәтерде тұратынымды жазып жіберді. Сол кезде маған олардың бәрін қалай жасайтыны белгілі болды", - деп жазды қолданушы.

Ол осындай қайғылы оқиғаға тап болмас үшін, осы хабарламаны барлық жерге таратуды сұрады. "Балалардың психикасы басқаша, үйдегі мәселелер тағы басқа. Ойынды ойнап жүріп соңында олар маған ұсыныс жасағандай болады. Менің ойымша, көп адам соны істеуге қарсылық білдірген, алайда бала сілтемені басқан уақытта олар оның қайда тұратынын біліп қояды. Сосын ары қарай, егер сен өзіңе қол салмасаң, біз сенің ата-анаң мен жақындарыңды өлтіреміз деп қорқытады. Міне, менің мысалым: "Егер сен өзіңе қол жұмсамасаң, біз саған көмектесеміз. Сен ойынға кірдің, шегінетін жерің жоқ. Сен мынадай көшеде, мынадай пәтерде тұрасың. Біз сені аңдып жүрміз. Егер ата-анаңды жақсы көрсең, әрекет ет. Әрине, осы кезде баланың миы шайқалып, ол сондай әрекетке барады. Ал онымен жазысып жүрген дені сау емес адамның мүлдем басқа қалада тұратынын ешкім де білмейді. Өзінің мекен-жайын білетінін оқыған кішкентай баланың өмірі қиылады", - деді қолданушы.

 

2. Оқушыларды  интернеттегі қауіптен қорғаудың жолдары

1. Интернет желісіндегі агрессивті сценаларға толы ойындардан, анайы, әдепсіз, жамандыққа шақыратын группалардан аулақ болайық.

2. Егер де белгісіз нөмірлер (1-ден, 3-тен басталатын, нөмірі жасырын) хабарласса тұтқаны көтерме, көтерген жағдайда тұтқаны қою керек. Міндетті түрде ата-аналарыңа немесе ұстаздарыңа айтыңдар.

3. Түнде жатпас бұрын интернетін өшіріп тастаңыз, телефонды пайдаланбасаңдар да, көп нәрсе жоғалтпайсыңдар. Оның орнына ТВ қараңыздар, шаxмат, шашка ойнап, журнал, кітап оқыңыздар.

4. Бүкіл ойларыңмен, арман-мақсаттарыңмен ата-аналарыңмен бөлісіңдер.

5. Интернетті орнымен дұрыс пайдалансаң - жақсы мүмкіндік, орынсыз, мақсатсыз, күні-түні қолдана берсең – қауіпті құрал.

6. Атыс-шабыс ойындарын ойнамауға тырысыңдар.

 

 

3. «Жүгір немесе өл» немесе «Беги или умри» деп аталатын өлім құштырар ойын.

 

 

Ресейде белең алып, кең етек жая бастаған тағы бір жан қиғызар ойын -  «Жүгір немесе өл» немесе «Беги или умри» деп аталады. Ойын шарты бойынша бала қызыл бағдаршам көзі жанғанда жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуі тиіс. Бұл ойын ойнау атақтылыққа, ортада сыйлы болуға көмектеседі деген үлкен қателік. Бұл ойынның арты өлімге апарады. Өмір бір рет қана беріледі, ұмытпаңыздар.

Дата: 28.04.2018, 17:12 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі