«Ғылым әлеміне ұмтылу» атты лицейішілік ғылыми конференция

«Ғылым әлеміне ұмтылу» атты лицейішілік ғылыми конференция

     27.04.2018 ж. күні лицейдің АКТ залында  «Ғылым әлеміне ұмтылу» атты лицейішілік ғылыми конференцияның өтті.

Конференция 2 бөлімде өтті.

І бөлім:Биылғы оқу жылындағы облыстық, республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары өз жобаларын қысқаша таныстырып өтеді.

Мақсаты:Келесі оқу жылына тақырып таңдаған жас зерттеушілер әдістемелік көмек ретінде.

ІІ бөлім:2018-2019 оқу жылына ұсынылған ғылыми жобалар бойынша қорғау.

Мақсаты:

Жаңа оқу жылының тамыз айында 8-11 сынып оқушылары арасынан ұсынылатын «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңіне жобаларды таңдау.

Бұл бөлімде оқушылар гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша екі топқа бөлінді.

Жаратылыстану бағыты бойынша жобалар физика сынып бөлмесінде өтті,

Гуманитарлық бағыттағы жобалар химия сынып бөлмесінде өтті.

Жаратылыстану бағыты бойынша әділқазылар алқасы:

1.     Рахимберлина Қ.Т. – лицей директоры

2.     Алибиева А.Б. – математика пәні мұғалімі

3.     Иманбекова Б.Б. – математика пәні мұғалімі

4.     Мұқамеди Р.С. – химия пәні мұғалімі

Гуманитралық бағыт бойынша әділқазылар алқасы:

1.     Әйкеш Г.М. – лицейімізде талай жылдар тарихы пәнінің жоғарғы санатты ұстазы, ардагер ұстаз.

2.     Қожақова Д. – лицейімізде тарих пәнінің мұғалімі болған, бүгінде қалалық мұражай әдіскері

3.     Қаспақова Қ.А. – лицейміздің жоғарғы санатты тарих пәнінің мұғалімі

Конференцияны лицей директоры Қ.Т.Рахимберлина оқушылардың шығармашылық жұмыстарға бет бұруын, маңыздылығын айта отырып, оқушыларға сәттілік тіледі.

    Директордың БІЖО Ж.А.Шармуханбетова  лицей оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жұмыс жасайтын «Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысына және биылғы жылғы жетістіктері бойынша қысқаша ақпарат берді.

Биылғы оқу жылындағы облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары өз жобаларын қысқаша танысытырып өткеннен кейін, екі бағыттағы оқушылар өз секцияларында жобаларын қорғады. Оқушылардың нәтижелері саптық жиында бағаланатын болады. 

Дата: 27.04.2018, 23:16 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі