«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысының өткізілгені туралы ақпар
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жатта тоқы көңілге, -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай ақын өлеңін жатқа білу –әр оқушыға, әр балаға, әр қазаққа парыз, әрі міндет десек артық болмас.
Осыған орай, 2018 жылы сәуірдің 12 күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-де Абай музейінде «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Аталмыш сайысқа қала мектептерінің 3-4 сынып оқушылары белсене қатысты. Сайысқа барлығы 12 оқушы қатысып, бақ сынады.Оқушылардың көркем оқу қабілеттерін әділ-қазылар алқасы сынап, бағалады. Көркемсөз оқу сайысының нәтижесiнде «Абай атындағы №2 лицей» оқушысы Шайхов Айдар бiрiншi орынды қанжығалады. Екiншi орынды №15 мектеп-лицейі мен лингвистикалық бағыттағы №16 орта мектеп өзара бөлiссе, үшiншi орын ЖББ №1 ОМ, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы мен Саяқ кенті №6 орта мектебіне бұйырды.
Қалалық мәнерлеп оқу сайысына өздерінің оқушыларын дайындап, белсене қатыстырған 3-4 сынып мұғалімдеріне алғыс айтамыз. Сайыстан тыс лицейдің 4 сынып оқушылары Талғат Әдемі Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін қобызбен ұштастырып орындаса, Кажыбаев Нұрасыл «Отаным» әнін шырқады.
Қалалық Абай оқулары жеткіншек ұрпаққа ақын туралы тереңірек білуіне, жатқа мәнерлеп оқуына қалыптасуына көп көмегін тигізді.
Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға «Талаптарыңа нұр жаусын, ақын рухы қолдап, оқуларың табысты, өмірлерің жемісті болсын» демекпіз!