11 сәуір – Балқаш қаласының туған күніне орай өткізілген мерекелік жиынның ақпары

11 сәуір – Балқаш қаласының туған күніне орай өткізілген мерекелік жиынның ақпары

         Тарих беттеріне зер салар болсақ, 1937 жылдың 11 сәуірі Қазақ КСР бұйрығымен Балқаш қаласының туған күні болып жарияланды. Алғаш «Прибалхашстрой» кен балқыту кенті болып ашылған қаламыз биылғы жылы 81 жасқа толып отыр. Осы жылдар аралығында қала келбеті ажарланып, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қарыштап дамып келеді.

Айтулы күнге орай лицейімізде бірқатар мерекелік іс-шаралар болып өтті. Солардың бірі акт залында болған мерекелік жиын. Мерекелік шараға лицей оқушылары мен ұстаздары қатысты. Аталмыш іс-шарада қала құндылықтарын көрсететін түрлі ән-шашулар  орындалды.

Мерекелік жиында Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойына арнайы жазылған гимн орындалды. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған ән шырқалып, «Өркен-медиа» орталығының Балқаш қаласына арналған бейфильмі көрсетілді.

Дата: 11.04.2018, 13:51 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі