Мұғалімнің функциональды сауаттылығы – оқушының функциональды сауаттылығын дамытудың негізі

Мұғалімнің функциональды сауаттылығы – оқушының функциональды сауаттылығын дамытудың негізі

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, оның даму салаларын айқындайтын Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру; білім берудегі ұлттық саясаттарды үйлестіру; білім беру баспалдақтарын әлемдік талаптарға сәйкестендіру; тұрғындардың үнемі өсу үстіндегі оңтайландыру жағдайлары; жаңа ақпараттық, білімдік және басқарушылық технологиялар, біліктілік тұрғысынан білім беру модельерін енгізу сияқты жаһандану үдерістерінің ықпалы аясындағы реформалау ісінің жаңа сатысына көтеріліп келеді. Осы мақсатта  06.04-07.04 күндері өткен  облыстық «Біздің мүмкіндіктер» атты мұғалімдердің біліктілік және педагогикалық шеберлігін айқындайтын сайысқа лицейімізден Байтұрғангова М.С. Макенбаева Г.Ж. Әлжан Б.Т. және Жақсыгелдина Ш.Т. бастаған құрама топ қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп келді.Конкурста педагогтардың оқушымен жұмыс жасауы, ата анамен жұмыс, әдістемелік жұмыстар және ақпараттық коммуникативті құзыреттілікті көрсететін сайыс түрлері болды. Әр тапсырманы  асқан шеберлікпен, мазмұнды әрі мағыналы баяндаумен берген лицей командасының мұшесі бастауыш сынып мұғалімі Байтұрғанова М.С. «Ерекше дара тұлға» номинациясымен ерекшеленсе, лицей командасы Алғыс хатпен марапатталды.

Дата: 10.04.2018, 8:50 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі