«Шын жүректен алғыс айтамын» атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс- шара туралы ақпар
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Лицей ұжымы осы мерекелік күнге ерекше дайындықпен қатысты. Әтүрлі формада тәрбие сағаттары өткізіліп, бұл күннің маңыздылығы айтылып, ұлт өкілдеріне құрмет көрсетілді. Ұлттық киім киген оқушылар әр ұлт өкілдерінің атынан сөйлеп, сол тілдерде амандасып, ұлттық салт - дәстүрді насихаттайтын қолөнер бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырды. «Өркен» үгіт -насихат тобы осы күннің маңызын ашып, тамаша көркемсөздер оқылды, «Тәуелсіздік бақытым» атты ән орындалды. Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтере білді. Сондықтан Алғыс айту күнін тарихқа тағзым ету деп түсінуге де болады. Бүгін Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында ерінбей еңбек етіп, маңдай терін төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн –деп лицей директоры Қ.Т. Рахимберлина оқушылар мен ұстаздарды құттықтап өтті. Мерекелік іс- шара соңы оқушылардың орындауындағы «Мен, сен және біз» атты флешмобпен қорытындыланды. Сонымен қатар, қала көлемінде өткізілетін мерекелік іс - шарада лицей оқушылары Грузин халқының салт- дәстүрін насихаттайтынын мақтанышпен айта кетуге болады.