«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынының ақпары
Қаңтар айының 11 – і күні лицейімізде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Имухаметова Салтанат Сәбитқызының ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары арасында «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны өтті. Сайыс басталмас бұрын әр сынып өздерінің топтарына ат қойып, ұрандарын айтып, өздерін таныстырып өтті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
· І кезең – «Тас қақпа»
· ІІ кезең – «Күміс қақпа»
· ІІІ кезең – «Алтын қақпа»
Әр қақпаға өткен сайын 1 топ сайыстан шығып отырды. Ұпай саны жоғары болған, 3 қақпаны да ашқан топ «Алтын сандықтағы» сұраққа жауап берді.
Сайыс соңында төрт топтан алға шығып, жеңіске жеткен 8 «В» сынып оқушыларының «Бейбітшілік» тобы І орынға иеленді.
Дата: 12.01.2018, 8:45 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі