«Жаңа жылдың сиқыры» танымдық ойынының ақпары
Қаңтар айының 3-і күні 7-8 сыныптар арасында Касенова А.Б. мен Жолдонгарова П.М. жетекшілігімен «Жаңа жылдың сиқыры» тақырыбында танымдық ойындар өткізілді. Танымдық ойынның мақсаты: оқушыларға жаңа жыл ерекше мереке екенін түсіндіру, оқушылардың көңілін көтеру, өздерінің ойларын еркін ортаға салуға үйрету, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу, үштілділікті насихаттау. Ойын барысында оқушылар үш топқа бөлініп, топ аттарын ұрандарын айтып белсене қатысты. Ойын 3 кезеңнен тұрды: 1 кезең - сұрақ-жауаптар; 2 кезең - топтық жұмыс; 3 кезең - «Ойлан тап!». Оқушылар өз ойларын ортаға салып , осы Ит жылында атаулы мерекелерді біліп , көптеген мағлұматтар алып жатты. Қорытындылай келе, осындай танымдық ойындарды жиі-жиі өткізіп, оқушылар өз ойларын ашық айта алатындай және еркін ұстауға дағдыландыру керек.