Жаңа жылдық мерекелік кеш ақпараты

Жаңа жылдық мерекелік кеш ақпараты

    28 желтоқсан күні Абай атындағы №2  лицейде ең керемет мейрамдардың бірі-Жаңа жыл мерекесі атап өтілді. Келесі жыл құт береке, бақыт әкелсін деген ниетпен болашақ  түлектеріміз 11 сынып оқушылары ұйымдастыру жұмыстарын өз мойындарына алды.

       Жаңа жыл мейрамы «Ертегі әлеміндегі ғажайып»  мазмұнында, айдай сұлу  ханшайымды іздеуден басталып, әр сыныптың талантты оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Ертегі соңында Жаңа ит жылы Ханшайымды тауып әкеледі. Кеш барысында «Лицей КZ» КВН командасының көңілді әзілдеріне ұласты. Жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алу мақсатында ұстаздар мен оқушылар арасында түрлі қызықты ойындар өткізілді.

      Лицей қабырғасында өткізілген кеш  көрермендерге қуаныш пен шаттық сыйлап, Лицей директоры Рахымберлина Қ.Т.  келесі жап-жаңа жылға барша қауымға өзінің ізгі ниетін білдірді.

       Мерекелік кешке қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бектұрғанова Ә.О. қатысты.

Дата: 29.12.2017, 12:22 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі