«Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау рәсімі
2017 жылдың 14 желтоқсаны, 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін және туған тілі мен дінін дәріптеуге, отандастарымыздың даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке баулитын, сонымен қатар туған елінің жанашыр азаматы болып өсуіне зор ықпалы бар осынау ұйым балалар үшін маңызы айтарлықтай үлкен деп айтуға болады.
Сайдың тасындай іріктеліп алынған оқушылардың жанарынан білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенім көрінеді. Болашақта «Мәңгілік ел» тізгінін ұстайтын азаматтар, бүгінгі «Жас қыран» қатарына кірген оқушыларымыз екені анық.
«Жас қыран» ұйымына қабылданушыларға төсбелгісі және галстуктерді табыстау құрметі, тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарларға, лицейдің «Сенім» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне табысталды.