Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Қызықты математика» атты математикалық сауаттылық апталығының үшінші күнін, Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешілері балалармен санамақ жаттап, «Геометриялық пішіндер қаласы» ұ

Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Қызықты математика» атты математикалық сауаттылық апталығының үшінші күнін,Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешілері  балалармен санамақ жаттап, «Геометриялық пішіндер қаласы» ұжымдық жапсыру бойынша ұйымдастырылған оқу қызметімен бастады.

               Балалар 10-ға дейін санауды үйрену мақсатында дамытушылық мультфильмдер көрді.

            Ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау арқылы балаларды қазақтың ұлттық дәстүрлерімен, мәдени құндылықтарымен таныстыру мақсатында дене шынықтыру нұсқаушысы балаларға қазақтың ұлттық ойындарының бірі, асықпен таныстырып, ойындар жүргізді.
            Тәрбиешілер балалармен «Мұқият бол» атты логикалық есептерді шешіп, «Пойызбен саяхаттау» сюжеттік – рөлдік ойын жүргізді. 
            Балалар «Сандар» өлеңдерін жаттап, «Қандай пішінге ұқсайды» дамытушылық ойындар ойнады.
            Педагогтар ата-аналарымен бірге баларға дидактикалық ойындар жасап, дидактикалық ойындар көрмесін құрды. 

#қызықтыматематика