Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Қызықты математика» атты математикалық сауаттылық апталығында, Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайы КМҚК-да, апталықтың екінші күнінде барлық топтарда «Көңілді санау» тақырыбында әңгіме жүр

Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Қызықтыматематика» атты математикалық сауаттылық апталығында,Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайы КМҚК-да, апталықтың екінші күнінде барлық топтарда «Көңілдісанау» тақырыбында әңгіме жүргізілінді.

               Ортаңғы топтарында «Жоғары-төмен. Таңертең-кеш», ересек топтарында «Санау және салыстыру», мектепалды даярлық тобында «Математика әлемінде» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметтері өтті.

               Барлық топтардың балалары «Ғажайып құрылыс» атты дамытушылық мультфильмдер көріп, серуен кезінде «Пішін, өлшем, биіктігі» бойынша бақылау жасады.

Тәрбиеленушілер математикалық мазмұнды ойындар, «Әжемізде қонақта» атты сюжеттік-рөлдік ойындар ойнап, танымдық қызығушылығын дамытты.

Тәрбиешілер балаларға «Тауып көрші» сандар, пішіндер туралы жұмбақтар жасырып, Н. Б. Сытованың «Қала геометриялық фигуралар мен қалай салынған» туралы ертегісін оқып берді.

Тәрбиешілер ата – аналармен бірлесе, сандар жазылған кішкене кітапшаларды қолдан жасап, балаларды бір қуантты.

#қызықтыматематика