оқу сауаттылық апталығы

Бүгін 2021 жылдың 18 қаңтардан бастап оқырман сауаттылығын дамыту, тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу бойынша топтардағы жұмысты іске асыру мақсатындаҚарағанды облысы, Балақаш қаласының «Ақбота» бөбекжайы КМҚК «Кітаппен дос болайық» атты оқу сауаттылық апталығы басталды#читающие дети#читающая страна. Аптаның ашылуына қонаққа Алпамыс батыр келді және барлық педагогтар мен тәрбиеленушілері қатысты.

Балаларды қабылдау кезінде, балабақша педагогтары мен педагог-психологі ата-аналарға «Көркем әдебиет-мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын қалыптастыру мен дамытудың маңызды құралы» атты кеңес беріп, букроссинг «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалысын жүргізді.

Кітаптың пайда болуы туралы бейнебаянды ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері музыка залында көріп, қызықтады.

«Ыбырай Алтынсарин және оның шығармалары» бойынша әдебиет көрмесі өтті.

Ересек топтарында тәрбиешілер балаларға әлем халықтарының ертегілерін оқып, оқылған кітаптарды талдап, сол ертегілер бойынша театрландыру жүргізді

Тәрбиешілер балаларға кітап қалай дүниеге келіп, ол оқырманға жету үшін қаншама адамдар еңбек ететіні туралы білім беріп, кітап бұрышында балалармен кітаптарды жөндеді.

Балабақша әдістемелік кабинетінде, тәрбиеші Т.Шанайхан педагогтармен «Балаларды туған өлкенің мәдениетімен таныстыру үдерісінде қазақ халық ертегілерін пайдалану» атты шеберлік сағатын өткізді.

 

Дата: 18.01.2021, 16:30 Автор: Мектепке дейінгі мекеме "Ақбота"