2016-2017 оқу жылының 3-мамыры күні «Онлайн режимде» өткізілген ата-аналар жиналысы туралы анықтама мен фотоесеп
2017 жылдың 3 мамыры күні 1-11 сыныптың ата-аналарымен онлайн режимде облыстық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 52 ата-ана, 28 мұғалім қатысты.
Жиналыс барысында Қарағанды облысының білім басқармасының басшысының орынбасары Әбдекенова Бақтыгүл Науқанбайқызы биылғы жылы қорытынды аттестаттау мен ҰБТ қалай өткізілетіндігі туралы және келесі оқу жылында оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету қалай жүзеге асатындығы туралы анықтама берді.
Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Қожахметова Гүлсім Шабданқызы критериалды бағалау дегеніміз не, қалай өткізеді және кәсіби бағдарлау қалай жүзеге асырылатындығы жайлы айтты.
Қарағанды облысының білім басқармасының басшы орынбасары Ахметкәрімова Гүлжан Қабылкәрімқызы «Қауіпсіз жаз» акциясын өткізу туралы, білім беру ұйымдарында мектеп бітіру кештерін өткізу туралы және патронаттық тәрбиелеу туралы баяндама жасады.
Дата: 4.05.2017, 4:34 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп