«Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы бойынша өткізілген іс-шаралар фотоесебі
ЖББ №25 орта мектебінде 2016-2017 оқу жылының ақпан айының 1-і күні «Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасының жұмыс жоспары жасалынып, 1-11 сыныптың сынып жетекшілері мен оқушыларға сап жиынында таныстырылды.
Ақпан айының 6-сы мен 11-і аралығында 1 «А» және 1 «Б» сыныптарында «Үлкендердің көмегімен құстарға ұя жасау» тақырыбында іс-шараны сынып жетекшілері А.Б.Башарова мен М.Е.Ботаханова ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: құс- адамның досы екендігін әр балаға сезіндіру және әр уақытта құстарға қамқорлық жасай білуге үйрету. Өткізілген іс-шараның жас бүлдіршіндергі берері мол. Әрқашан табиғатқа қамқорлық жасай білуге үйрету болып табылды.
Ақпан айының 13-і мен 18-і аралығында 2А және 2Б сыныптарында сынып жетекшілері М.М.Жолдасбекова мен С.М.Құсылбек «Үлкен кісілерге қамқорлық көрсетейік» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырды. Іс шараның мақсаты әр баланың кез-келген уақытта үлкен адамдарға қамқорлық жасай білуі керектігі жөнінде ұйымдастырылды.Өткізілген іс-шарадан әр бала үлкенге қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін білді.
Ақпан айының 20-сы күні 3А және 3Б сыныптарында «Ата-анама көмек» тақырыбындағы іс –шараны сынып жетекшілері С.С.Тоқабаева мен Г.М.Бакирова ата-аналарымен бірлесе ұйымдастырды. Бұл іс-шарадан байқағанымыз бала үйде өз ата-анасына қолынан келгенше көмек жасауға дайын екендігін көрсетті.
Дата: 21.02.2017, 5:18 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп