Размер шрифта:

«Өзін-өзі тану»: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік бойынша өткізілген іс-шаралар туралы сараптама қорытындысы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ағымдағы жылғы  ақпан айының 02 мен 13 аралығында  «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікті өткізуді ұсынды.

Мектеп директоры С.Х. Сыздыкова  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен келген апталықтың нұсқаулық хатымен таныстырды.

Онкүндік аясында өткізілетін іс – шараға жауапты мұғалімдерді тағайындады. Апталық жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді.

02 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты декаданың ашылу салтанатына арналған жалпы мектептің сап жиыны өтті. Онда апталықтың  жоспарымен оқушылар

ақпараттандырылды. «Өзіңді тану- өмірді тану» тақырыбында стенд жасалды.

3 ақпан күні мектебіміздің кітапханашысы – Қазбекова Б апай  «Мейірім төгетін Ана» атты  «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік  бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірі , шығармашылығы , еңбектері туралы көрме ұйымдастырды.

  

04 ақпан күні «Өзін –өзі тану балалар әлемінде» атты оқушылардың өз қолдарымен жасалған суреттерден, бұйымдардан  шығармашылық  жұмыстары қойылды.

 

06ақпан күні 8-9 сыныптардан құрылған «Елім деп соғар жүрегім»атты дебат сайысы өтті. Дебатқа қатысқан оқушылар толық және нақты жауап беру арқылы ұшқыр ойларымен көрермендерді баурап алды.Өз қарсыластарымен  жоғары ұпай жинаған «Көкпар» командасы жеңіске жетті.Дебатты ұйымдастырған – Маратұлы Аслан  мұғалім.

   

07 ақпан күні    «Алтын жүрек  Анамыз» атты  мәнерлеп  оқу сайысы өтті. Сайысқа  бастауыш сыныптары  2-4 , орта буында 5-6 сынып білім алушылары қатысты.  Сайысқа қатысушылар Сара Алпысқызына  арналған  өлеңдерін  ортаға салды.  Әділ қазылардың шешімімен барлық қатысушыларға мақтау қағаздары берілді. Жүлделі жеңімпаздар да марапатқа ие болды.   Сайысқа жауапты – Мұсаханова Д.Ж қазақ тілі пәні мұғалімі және бастауыш сыныптың бірлестік жетекшісі – Токабаева С.С.                                                                                                                   

08 ақпан күні 3А сыныбында «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық сабақ өткізілді.Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға жақсы сөз арқылы, жақсы ой, сезім арқылы сүйіспеншілік құндылығын жүректерінен оята отырып, мейірімділікке, сыпайылық пен қамқорлық жасау керек екендігін ұғындыру.

Сабақты өткізген мектептің «Өзін-өзі тану»пәні мұғалімі Касатова Б.Т.

Оқушыларға мейірімділік туралы бейнебаян көрсетілді.  Мейірімділік – ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады.

   

09 ақпан күні «Дүние неліктен жақсы!» тақырыбында 5сыныптардың  оқушыларымен  сахналанған көрініс қойылды. Ұйымдастырушы үйірме жетекшісі – Қалиақпар Назым Орынбасарқызы.Оқушылар  сахналық көрністерді  шебер орындап шықты.

   

  10 ақпан  күні «Жүректен- жүрекке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға мектеп оқушылары қатысып, қайырымдылық акциясына белсенділік танытты.

  

 11ақпан күні «Ән – көңілдің ажары» атты оқушылардың қатысуымен ән кеші өтті. Жас өнерпаздар  ән өнеріне деген сүйіспеншіліктерін сахна төрінен көрсете білді. «Әнді сүйсең, менше сүй» деп Абай атамыз айтқандай, әннің құдіретін балаларымыз дәлелдеп берді. Ән кешін  мектебіміздің ұстаздары- Қанат Амантайұлы , Саида Саметқызы , Бақыт Төлеуханқызы «Аққу Арман»

әнімен аяқтады.Кеш тартымды, ән сүйер қауымның  қошеметіне  бөлене отырып, өз мәресіне жетті.

 

Қорытынды.

13ақпан күні «Қоңырат кенті ,Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектеп»КММ-ің  «Өзін-өзі тану»:Сүйіспеншілік пен Шығармашылық  педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік бойынша өткізілген  іс-шаралар  қорытындысы бойынша  жинақтамалар жасалды. Онкүндік аясында жоспар бойынша қамтылған іс- шаралардың барлығы өткізілді.

Іс –шараға барлық сыныптар, сынып жетекшілер, ұстаздар қатысты.

Өскелен ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу – жүрек жылуы, қайырымдылық, аяушылық, өзара көмек беру қасиеттерінің көрініс беруіне бағытталған рухани-адамгершілік құндылықтарды оқушылардың бойынан шығаруды айқындайтын оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде мектептің маңызды міндеті болып табылады. Адам, қоғам мен мемлекеттің пайдасы үшін осындай амал білім берудің түйінді құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. 

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А. Назарбаева былай деп жазды: «Біздер, ХХ ғасырдың естен айырылған перзенттері ұзақ пайдаланған «өркениет әдебі» шарттылығының орнына өмір әдебін қайта жаңғыртуымыз керек. Өйткені адамдар ғасырлар бойы осы құндылықтарға ие болып, тиісінше пайдаланып келді ғой. Бейнелі тілмен айтқанда, руханияттың мөлдір кәусар бұлағынан үнемі сусындап отырды. Соңғы онжылдықтардың асау ағыстары кезінде осы бастауларға апаратын жолды замандастарымыз естен шығарып алды.

Өзін-өзі тану сабағы – бұл оқушының ғана емес, ұстаздың да өзгеруі жүзеге асырылатын, бірлескен асқақ өмірдің айрықша кезеңі. Өсіп келе жатқан бала мұғалімнің ісі, сөзі және ойымен Нұрланады, өзінің шынайы рухани табиғатын ашады, шабыттана отырып, өзінің рухани сыйын әлемге таратады. Өзін-өзі тану сабағы оқушы мен мұғалімнің жүрегін ашуға мүмкіндік және рухына қорек береді.Мұғалім өзінің жеке басының оқушыларға үлгі көрсетуі арқылы және олардың рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасай отырып, шабыттандырады, ынталандырады – бұл рухани-адамгершілік білім беретін өзін-өзі тануды оқыту әдістемесінің негізі болып табылады.

Ұстаз –Нұр сыйлаушы жан иесі, адам жанын тәрбиелейтін Ұста.

Оқушы – Нұрды іздеуші, шөліркеген жан.

Сабақ (педагогикалық үдеріс)- өсіп келе жатқан адамды, яғни оқушыны Ұстаздың Нұрға бөлендіретін, шабыттандыратын, өз рухының сыйын әрі қарай әлемге тарату үшін құлшындыратын, Ұстаз бен оқушының кездесуінен туатын, бірлескен асқақ өмірдің айрықша жолы.
«Мен, бала жас кезінен-ақ әрқашанда сау да әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып өсуін калаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс».Сара Алпысқызы. Өмір әдебі – Алматы, 2003.

«Өзін –өзі тану» пәні мұғалімі: Касатова Б.Т. Жбб №25 орта мектеп

Дата: 18.02.2017, 8:40 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп