«Физика әлемі» зияткерлік ойыны
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде қаңтар айының 26 жұлдызында политехникалық және экологиялық пәндері бірлестігі апталығында 7 сынып оқушылары арасында «Физика әлемі» зияткерлік ойыны өтті. Сайыстың мақсаты:оқушылардың физика пәні бойынша алған білімдерін тексеру, қайталау және пысықтау.
Сайысқа «Ньютон», «Паскаль» және «Күш» топтары қатысты. Сайыс алты кезеңнен тұрып, оқушылар физика пәнінен білімдерін сынап, өте тартымды ойын көрсете білді. Сайыста «Күш» тобы алған білімдері мен алғырлықтарының арқасында І орынға ие болды. «Ньютон» тобы ІІ орынды және «Паскаль» тобы ІІІ орынды иеленді. Ал сайысымыздың ең үздік ойыншысы атағын 7 «А» сыныбының оқушысы Гинаятова Аружан алды.
Дата: 27.01.2017, 4:35 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп