Размер шрифта:

ЖББ №25 орта мектебі бойынша 2016-2017 оқу жылындағы 21 қаңтар күні онлайн режимде өткізілген облыстық ата-аналар жиналысы

   2017 жылдың  21-қаңтары күні 1-11 сыныптың ата-аналарына облыстық режимде онлайн жиналысы өткізілді.

  Жиналысқа  50 ата-ана және 9-11 сыныптың оқушылары қатысты.

Ата-аналарға  Қарағанды облысы білім басқармасының  басшысы А.Аймағамбетовтың төрағалығымен онлайн режимде  облыстық ата- аналар жиналысында күн тәртібіне сәйкес

1. «Қауіпсіз балалық шақ»:

-         Интернеттің қаупі қандай және балаларды қажет емес ақпараттан қорғаймыз.

-         Балаларды жол қауіпсіздігімен қалай қамтамасыз етеміз.

-         Біздің балаларымызды дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай қорғаймыз?

2.«Білім  берудің жаңартылған мазмұны дегеніміз не және жалпы орта білім беру жүйесінде қандай өзгерістер орын алуда ?»

-Биылғы жылы ҰБТ қалай өткізілмек?

-Еdumark  қосымшасымен және электронды күнделікпен қалай жұмыс істеу керек.

-«Айқын» тестісі не үшін өткізіледі?

-Мектеп оқушыларына  үй тапсырмаларын берудің дұрыс тәсілі қандай?

3. Мектептің қамқорлық кеңестері қалай жұмыс істеу керек?

Күн тәртібіне сәйкес түсініктемелер берілді.

    Сонымен  бірге мектеп директоры С.Х.Сыздыкова  «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағ №26  бұйрығымен таныстыра отырып 15.04.2016 жылы өткізлген ата-аналар жиналысының №6 хаттамасына сәйкес жалпы ата-аналар жиналысының шешімін ескере отырып,2017-2018 оқу жылында мектеп формасын отандық өнімдерден дайындайтын тігін орындарымен келісе отырып, 2017 жылдың сәуір айының соңына дейін 1-11 сыныптың ата-аналар комитетінің мүшелері әр сынып бойынша шешім шығарып, мектеп әкімшілігіне ескертуі керектігі айтылды.

     Ата-аналарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан  Республикасының  Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі  № 235-Ү Заңының  «Кәмелетке  толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бермеу туралы » 132 –бабымен ,Қазақстан Республикасының  2002 жылғы 8  тамыздағы баланың құқықтары туралы №345 Заңының 36 бабымен таныстырды.

Ата-ана тарапынан болатын  баланы сабақтан себепсіз қалдыру және балаға зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайда ата-ананың әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде айтып өтті.

Дата: 23.01.2017, 7:20 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп