Размер шрифта:

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінің дұрыс тамақтану онкүндігі бойынша ақпарат

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінің дұрыс  тамақтану онкүндігі  бойынша ақпарат

№25 орта  мектебі  бойынша  01.04- 13.04 аралығында  дұрыс тамақтану онкүндігі жарияланды.  Жоспар құрылып,  мектеп басшысымен бекітілді.

01 сәуір күні «Дұрыс  тамақтану » бұрышы  ұйымдастырылды.

02.04 күні «Тамақтану  пирамидасы» бойынша  7 сынып  оқушысы  Туғамбай Ханшайым радиоторабынан  мәлімет оқып, оқушыларға  дұрыс тамақтанудың жолдарын айтып өтті.

04. 04 күні мектеп кітапханашысы  Казыбекова Бақыткүл   «Денсаулыққа  пайдалы дәрумендер» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

05.04 күні 4а,б сыныптарында «Қауіпсіз және тиімді тамақтану дегеніміз не?» атты  ашық тәрбие сағаты өткізілді. Жауапты : Башарова Ә.Б, Ботаханова М.Е. Тәрбие сағатында  оқушыларға  тиімді тамақтанудың  жолдары айтылып, бейнебаян көрсетілді.

«Тамақтанудың адам көңіліне әсері» атты мектеп  психологы Тулеубаева Г.Ж 5-6 сыныптар арасында   сауалнама  жүргізді.

«Тиімді тамақтан» тақырыбында 7-8 сыныптар оқушыларынан қазақ тілі пәні мұғалімі  Дуйсембаева Б.Б диктант алды.

Мектеп медбибісі Тускеева Б.А 5-7 сыныптар арасында «Тағамдық факторлармен байланысты  жұқпалы аурулар» тақырыбында  оқушыларға бейнероликтар , слайдтар көрсетті. Тағамдық факторлардың  адам ағзасына әсері және жұқпалы аурулардын  қалай пайда болатыны туралы  оқушыларға түсіндірді.

Мектеп асханасына 1-11 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтанып жүрміз бе ?» атты рейд жасалды.

1-11 сыныптардың  оқушыларының қатысуымен  «Дұрыс  тамақтану – денсаулық кепілі» атты флешмоб ұйымдастырылды.