«Қош келдің,Мәңгілік елдің Наурызы!» атты мекрекелік іс-шараның өткізілуі туралы анықтама.
ЖББ №25 орта мектебінде наурыз айының 10-ы күні мектептің 1 қабатына «Қадам басты ,ұлыстың ұлы күні» тақырыбында бұрышты мектептің аға тәлімгері.Бұрышты мектепке келген ата-аналар мен мектептің оқушылары жасады.
Наурыздың 10-ы күні мектептің кітапханашысы «Армысың,Әз Наурыз» тақырыбындағы кітап көрмесін мектептің кітапханашысы Б.К.Қазыбаева ұйымдастырды,Кітап көрмесіне қазақтың салт-дәстүрлері,ұлттық ойындары мен ұлттық тағамдары және қазақ халқының наурыз мерекесіне байланысты көптеген нақыл сөздері мен баталары жазылған кітаптары қойылды.
Наурыз айының 14-і күні 1-11 сыныптар арасында «Атадан келген асыл мұра»тақырыбында мерекелік сап жиыны өтті.Сап жиынында Наурыз мерекесіне байланысты ұйымдастырылып,өткізілетін іс-шаралар жоспарлары таныстырылды.
Наурыз айының 15-і күні 5-6 сыныптарда «Салт –дәстүрім сарқылмайтын қазынам» тақырыбында интеллектуалды сайысты сынып жетекшілері ұйымдастырды,
Наурыз айының 16-сы күні «Халық тәрбиесі-асыл қазына» тақырыбында 7-9 сыныптар арасында қыздар кеңесінің отырысын сынып жетекшілері өткізді.
Наурыз айының 17-сі күні «Салтыма тән-думаным» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында ұлттық ойындардан сайыс жарыс түрінде ұйымдастырылды..Сайысты дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастырды.
Нарыз айының 18- і күні «Салт –дәстүрді жаңғыртқан Тәуелсіз елдің Наурызы» тақырыбында бастауыш сыныптар мен даярлық сыныптардың арасындағы ұлттық фестиваль ұйымдастырылды.Іс-шарада әр сыныптың ата-аналарының қосқан үлесі өте жоғары дәрежедке болды.Мектептің спорт залына құрылған 10 қазақ ауылы оқушыларға арнап жайылған қазақ дастарханы,ұлттық кім киген мерекеге қатысушылар мерекеге үлкен сән берді.Әр сынып өнерлерін көрсетіп,ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеді.
Наурыз айының 19-ы күні 5-11 сыныптар арасында «Қош келдің,Мәңгілік елдің Наурызы» тақырыбындағы сынып сағаттары өтті.
Наурыз айының 19-ы күні «Наурызым –тойлы күн,елімнің сақта бірлігін» тақырыбында наурыз мерекесіне арналған мектепішілік іс-шаралардың қорытындыланды.
Осы күні өткізілген іс-шарадан әр баланың жүзінен қуанышт пен салт-дәстүрімізге деген құрметті сезіне білдік.
Мектепке келген ата-аналар мектебімізде жыл сайын өткізілетін іс-шараның дәстүрімізге айналып келе жатқан Наурыз мерекесінің келешек жас ұрпаққа берері көп екендігін айтты.Наурыз мерекесінің жас ұрпаққа берері өте көп, себебі ата-бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып,қалдырып келе жатқан игі істерін жалғастыру келешек ұрпақтың парызы екендігін тағы бір мәрте түсіндіріп өтті.
Дата: 19.03.2016, 9:18 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп