Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша 23-26 ақпан аралығында «Есірткісіз көше» атты 3 күндіктің өткізілуі жөнінде ақпар
ЖББ №25 орта мектебінде ақпан айының 23-і күні «Есірткісіз көше » атты 3 күндіктің өткізілуіне байланысты сап жиыны 1-11 сыныптың білім алушыларымен өткізіліп,өткізілетін іс-шара жоспарымен таныстырылды.
23 ақпан күні «Жаман әдеттен аулақ болайық» атты бұрышты мектептің аға тәлімгері Н.О.Қалиақпар мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен бірлесіп, ұйымдастырды
24 ақпан күні «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» атты радиохабарды кезекші сынып пен аға тәлімгер Н.О.Қалиақпар жүргізді. Радиохабарда есірткі пайдаланушы адамның денсаулығына келер зияны,одан сақтану жолдары туралы мәліметтер қамтылды.
25 ақпан күні мектептің медбикесі Б.А.Тускеева 5-11 сыныптың білім алушыларына «Есірткі адамның қас жауы» тақырыбында кеңес оқыды. Кеңес соңынан өздерін толғандыратын сұрақтарға маманнан жауап ала отырып,өз ойларымен бөлісті.Өздеріне керекті сауалдар бойынша бір-бірімен пікір таластар жүргізе отырып,өткізілген жұмыстар қорытындыланды.
26 ақпан күні 8,9,10 сыныптың сынып жетекшілері «Нашақорлық –заман тажалы» тақырыбында дәріс оқыды.Дәрістің мақсаты өсіп келе жатқан жас буынды ғасыр дертінің қармағынан алыс ұстау,дерттің залалы мен адам баласына келтіретін зиянынын ұғындыру. Салауатты өмір салтын қолдау, барлық уақытта әр адамның өзінің денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы керектігі тағы да бір мәрте қайталанып өтілді.
26 ақпан күні «Денсаулық ештеңемен өлшеуге келмейтін басты байлық» тақырыбындағы сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында қазіргі уақытта Елбасымыздың өзі Салауатты өмір салтын қолдап, ерекше көңіл бөліп отырғандығының маңызы бар. Болашақ жастарымыздың спортқа деген қызығушылықтарының артып келе жатқандығын көруге болады. 7-10 сыныптар арасында қазақша күрес сайысы өтті. Сайыс соңы қортындыланып,жеңімпаздар марапатталынды.Сайысты мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Сатиев Қ.А мен Сәтиев Б.Т ұйымдастырды.
26 ақпан күні «Есірткісіз көше» атты 3 күндікке байланысты өткізілген іс-шаралар талқыланып,қорытындыланды.
Осы іс-шара барысында өткізілген әр іс-шара әр баланың жүрегінде жүрген ойларына дұрыс жол тауып беріп,әр адам салауатты өмір салтын сақтап жүру керектігін ұғынды.Әр адам өзінің ертеңін ойлап,есірткіге жоламау керектігін білді. Себебі есірткі ХХІ ғасырдың дерті екендігін білді.Әр кеңес пен оқылған дәрістен өздеріне пайдалы кеңесті алды.Болашақ қазақ елінің әр тұрғыны өзінің денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарап,үлкен мән бере отырып,спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын қолдауы керектігін түсініп,спортқа деген қызығушылықтарының артып келе жатқандығының тағы бір куәсі болдық.
Дата: 7.03.2016, 4:49 Автор: Средняя общеобразовательная школа №25