Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша «Денсаулық фестивалі-2015» атты «Денсаулық апталығының» өткізілуі туралы ақпары.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады деп негізгі ойын білдірген.
1-5 аралығында қыркүйек айының Қазақстан бойынша «Денсаулық фестивалі-2015» өтеді.Осыған байланысты біздің мектебімізде жұмыс жоспары жасалып,таныстырылды.Мектеп бойынша кезекші 7 сынып «Денсаулық –зор байлық» атты радио хабар жүргізді. Мектеп мейірбикесі Б.А.Тускеева «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында 1-11 сыныптың білім алушыларына кеңес беріп,жаңа ,тың ақпараттар берді.
«Денсаулық апталығының» акциясын өткізу 2 қыркүйек күні салтанатты линейкада ұйымдастырылды. Мектептің ұстаздары мен 1-11 сыныптың білім алушылары мектеп алаңында көңілді спорттық флешмобқа қатысты.Жоспар бойынша мектеп кортында «Көңілді мәре»атты эстафеталық жарысты дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Т.Сәтиев ұйымдастырды , жеңімпаздар марапатталды.Мектеп бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспар бойынша өтіліп,әр баланың жүрегінде салауатты өмір салтын қолдау керектігі және өз үлесін қосу керектігін сезінді.
5 қыркүйек сағат 12.00-де мерекелік сап жиыны мектеп ұстаздары мен 1-11 сыныптың білім алушыларын бүгінгі күні өткізілетін іс-шара жоспары мен таныстырылып,жауапты мұғалімдер таныстырылды.
Сағат 12.00-де мектеп алаңында «Кезекті жаттығулар» өтті.
«Денсаулық -зор байлық» радиохабарды кезекші сыныпжетекшілері А.К.Оспанова мен аға тәлімгер Н.О.Қалиақпар жүргізді.
3-4 сыныптар арасында «Салауатты өмір салтын қолдаймыз » тақырыбында асфальтқа сурет салу сайысы өтті.Сайыс соңында жеңімпаз сыныптар марапатталынды.
5-6 сыныптарда «Спорт біздің досымыз» тақырыбында атты спорттық сайыстар өтті.Жеңімпаз сынып анықталып марапатталынды.
Сағат 12.15-те 5-7 сыныптың білім алушыларына «Көңілді мәре» эстафеталық сайысын Сатиев Қ.А өткізді.
Сағат 13.00-де спорт алаңында 2-4 сыныптың білім алушылары «Ұлттық ойындар мен эстафеталық ойындар» ойнады.
Сонымен бірге мектеп кортында 7-8 сыныптың ұл балалары арасында футбол жарысын дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Т.Сәтиев ұйымдастырды.
Сағат 12.30-да мектеп спорт залында 9А,Б сынып арасында волейбол жарысы және 10-11 сыныптар арсында баскетболдан сайысты Қ.А.Сатиев ұйымдастырды.
Сағат 13.00-де мектеп кортында 5-6 сынып ұл балалары арасында футболдан жарыс өтті.
Сағат 13.00-де 8-11 сынып ұл балалары арасында «Кросстық жарыс» өтті.
Сағат 14.00-де бүгінгі күні өткізілген іс-шара бойынша қорытынды жұмыстары жүргізілініп, жеңімпаз сыныптар марапатталынды.
Мектеп директоры: С.Х.Сыздыкова
Дата: 12.09.2015, 3:19 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп