Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша «Менің Отаным - Қазақстан» атты 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын ақпары
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 1 қыркүйек 2015 жылы сағат 10.00-де «Менің Отаным - Қазақстан» атты салтанатты сап жиыны болды. Салтанатты сап жиын Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Сап жиынын мектебіміздің директоры С.Х.Сыздыкова құттықтау сөзімен ашып берді. Мектептің 1 қабатында Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.
Биылғы жылы мектеп табалдырығын аттаған 1- сыныптың бүлдіршіндеріне арналған «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттарын сынып жетекшілері М.М.Жолдасбекова мен Р.М.Болсамбекова өткізді.
Мектебіміздің ардагер ұстаздары Т.Мейірбекова, К.Дарибекова, А.Хавдал Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным Қазақстан» атты кітабын 1 сынып оқушыларына сыйлыққа таратты.
Мерекелік іс-шараға тарту ретінде 6Б сыныбының білім алушысы Мәжит Әділет музыкалық сәлем ретінде қазақ күйін домбырамен нақышына келтіре орындады.
4-7 сыныптың сынып жетекшілері «Айбында Ата Заң-Тәуелсіздік кепілі» тақырыбындағы суреттер сайысын ұйымдастырды. Салынған суреттері бойынша білім алушылар өз ойларын ортаға салды.
8-11 сыныптың сынып жетекшілері «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» тақырыбындағы сынып сағаттарын өткізді.
Сап жиынының соңында 11 сынып білім алушысы Әлімжан Ернат пен 1 сыныптың білім алушысы Айнапулова Жұлдыз алғашқы қоңырау соғу рәсімін өткізді.
Сап жиынынан соң әр сыныптың білім алушылары өз сыныптарына сынып сағаттарына барды.
Мектеп директоры С.Х.Сыздыкова
Дата: 2.09.2015, 10:35 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп