Размер шрифта:

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы ібілім беретін №25 орта мектебінің 11-сынып түлектеріне орта мектепті бітіру туралы аттестат тапсыру салтанатының ақпары

          2015 жылдың 20 маусымында №25 орта мектепте «25ТВ-ГРАВИТАЦИЯ» атты  түлектерге орта мектепті бітіру туралы аттестат тапсыру салтанаты өтті.

   Аттестат тапсыру салтанаты  музыкалық премия формасында ұйымдастырылды.

     Салтанаттың ашылуы «25ТВ - ГРАВИТАЦИЯ» атты бейнероликпен  ашылды. Бейнероликтен кейін түлектерді ортаға шақырып қошеметтеді.

     «25ТВ-ГРАВИТАЦИЯ»  кешінде  әр түлекке «Ең үздік режиссер» , «Ең үздік сценарист», «Ең үздік актриса», «Ең үздік композитор», «Ең үздік актер», «Ең үздік биші», «Ең үздік әнші», «Ең үздік каскадер», «Ең үздік гример» номинациялары  берілді. Номинациямен марапаттау барысында түлектерге  аттестат пен «25ТВ-премиясы» тапсырылды.

    Кештің  ерекшелігі әр музыкалық номерді түлектер мен ұстаздар бірігіп орындады. «Қоштасу вальсі», «Флешмоб» билерін  мектебіміздің жас  мамандары бастаса, түлектеріміз жалғастырды.

   Аттестат тапсыру салтанатында  түлектердің  алғашқы ұстаздары Жолдасбекова М.М., Башарова А.Б., ата-аналар атынан Махметжан Б.М. құттықтау сөз сөйледі.

    «25ТВ-гравитация» кешінің қорытынды  құттықтау сөзі мектеп директоры С.Х. Сыздықоваға берілді.

    Орта мектеп бітіру туралы аттестат тапсыру салтанаты түлектерінің орындауында «Қош бол, мектебім » әнімен аяқталды.

  Мектеп бітіру кешінің  ІІ бөлімі «Би алаңында» түлектерге, ата-аналарға, ұстаздарға арналған ойындар ұйымдастырылды. Мектеп бітіру кеші қызықты да көңілді өтті.

 

 

 

 

Мектеп директоры                          С.Х.Сыздықова